«АЙНАЛАЙЫН» БАЙҚАУЫНДА ЖАС ТАЛАНТТАР ТАНЫЛДЫ

0
6

Аудандық мәдениет үйінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Айналайын» атты аудандық жас бүлдіршіндердің топтық ән және би байқауы өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек қатысып, жас өнерпаздарға сәттілік тілеп, олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған мұндай байқаулардың маңызы ерекше екенін атап өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ән мен биге деген қызығушылықтарын арттыру және дарынды бүлдіршіндерді анықтау.

Байқау екі номинация бойынша ұйымдастырылды. «Үздік топтық ән» номинациясында қатысушылар қазақ халық әндерін, балаларға арналған, патриоттық және заманауи балалар әндерін орындаса, «Үздік топтық би» номинациясында қазақ, халық, балалар және заманауи би түрлері бойынша өнер көрсетті.

Шараға ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бүлдіршіндердің сахнадағы шынайылығы, өнерге деген құштарлығы мен орындаушылық шеберлігі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кету керек, байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына жеке кәсіпкер Айнұр Тернакбаева демеушілік жасап, жас таланттарды қолдауға өз үлесін қосты. Мұндай қолдау өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.

Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойындағы талант ұшқындары ерте жастан танылып, ұлттық өнер мен мәдениетке деген құрметі қалыптасып келеді.

Comments are closed.