Тау шатқалында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Жазғы демалыс маусымына байланысты Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тау шатқалында демалып жүрген тұрғындар мен қонақтарға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға тек рұқсат етілген орындарда шомылу, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпті аймақтарда шомылмау қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі айтылып, қауіпсіздік талаптары көрсетілген жадынамалар таратылды.
❗️Өз қауіпсіздігіңізге бейжай қарамаңыз! Су айдындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығының кепілі.


















