ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Меркі ауылдық округі әкімшілігінде Меркі ауылдық округі тұрғындарының қатысуымен ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің конституциялық негіздерін түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.
Іс-шараға «Меркі ақиқат» газетінің бас редакторы Серік Құралбай қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясының ел бірлігін нығайтудағы, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтаудағы маңызына тоқталды. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Жиын барысында тұрғындар заң талаптарын құрметтеуге, қоғамдық келісімді сақтауға және елдің дамуына белсенді үлес қосуға шақырылды.


















