Жамбыл облысында соңғы бес жылда (2021–2026 жылдар) денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды.

Осы кезеңде облыс бойынша 60-тан астам жаңа медициналық нысан салынып, күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Жобалар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында және республикалық әрі жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.














