ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

0
4

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ілгерілету және оның негізгі қағидаттарын іске асыру мәселелеріне арналған аудан активінің кеңесі өтті.

Жиынға ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігі бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының, білім, денсаулық сақтау және өзге де мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында аудан әкімі 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтап, оның еліміздің құқықтық және саяси дамуындағы тарихи маңызына тоқталды. Жаңа Конституция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған реформалардың құқықтық негізі екенін атап өтіп, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын күнделікті қызметте басшылыққа алудың маңызын айтты.

Сондай-ақ жиында Президенттің Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындауына байланысты алдағы электоралдық кезеңге дайындық мәселелері қаралды. Аудан әкімі барлық жауапты мемлекеттік органдарға сайлауды заң талаптарына сәйкес ашық әрі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Кеңесте жаңа Конституцияның мазмұнын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігі назарға алынды. Жиынды қорытындылаған Ербол Жиенқұлов Конституция талаптарын мүлтіксіз орындау – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ортақ міндет екенін атап өтті.

Comments are closed.