АҚТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

0
4

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов жұмыс сапарымен Ақтоған ауылдық округінде болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Іссапар Қазақ-Дихан ауылынан басталды. Аудан әкімі алдымен ауылдың кіреберісіндегі саябақты аралап көріп, оның қазіргі жай-күйіне назар аударды. Саябақ аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өткен аудан басшысы округ әкімі Данияр Әбдіразаққа нақты тапсырмалар жүктеді.
Одан кейін Ербол Жиенқұлов Қазақ-Дихан ауылындағы №33 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №528 сайлау учаскесінің дайындығымен танысты. Сондай-ақ, мектептің материалдық-техникалық базасын көріп, анықталған бірқатар мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Comments are closed.