МЕРКІ АУДАНЫНДА ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Меркі аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, Ақсақалдар кеңесі, Билер кеңесі, Аналар кеңесі, аудандық имам, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қуат Зетқұлов орталықтың атқарған жұмыстары, аудан аумағындағы мобильдік топтың қызметі және FSM Social мобильді қосымшасының жұмысы туралы баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша аудандық орталық аурухананың бастапқы медициналық-санитарлық көмек басшысы Гүлмира Манакбаева 2025–2026 жылдардағы әйелдер мен ерлер арасындағы аурушаңдықтың қазіргі жағдайы және оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіліп, баяндамашылардың есептері тыңдалды. Жиын қорытындысында тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау комиссия хатшысына жүктелді.














