МЕРКІ ТАУ ШАТҚАЛЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

0
5

Меркі ауданында туристер жиі келетін Меркі тау шатқалы аумағында тазалықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ рейдтік-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жұмысшы топ құрамындағы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлік нысандарын аралап, санитарлық тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, қоқыс жәшіктерін жеткілікті орналастыру, өрт және судағы қауіпсіздік талаптарын орындау, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және аумақтың тазалығын қамтамасыз ету заңнама талаптарының бірі екені түсіндіріліп, талаптар сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделетіні ескертілді.

Аталған бағыттағы рейдтік және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Comments are closed.