Қазіргі таңда әлем бұрын-соңды болмаған технологиялық өзгерістер кезеңін бастан өткеруде.

Жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, роботтандыру және автоматтандыру жүйелері экономиканың барлық саласына еніп, еңбек нарығының құрылымын түбегейлі өзгертуде. Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары көптеген дәстүрлі мамандықтардың мазмұны өзгеріп, жаңа кәсіптер пайда болады. Осындай жағдайда жастардың мамандықты саналы түрде таңдауы жеке жетістіктің ғана емес, тұтас өңірдің дамуының маңызды алғышартына айналып отыр, деп хабарлайды baq-orda.kz.














