БАЛАҒА ҚОСЫМША ТАМАҚТЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ЕНГІЗУ КЕРЕК?

0
3

Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында 6 айдан бастап балаларға қосымша тағам енгізу тақырыбында ата-аналарға арналған шеберлік сабағы өткізілді.

Шара барысында мамандар:
✅ Емшек сүтінің пайдасы мен дұрыс емізу қағидаларын;
✅ Қосымша тағамды енгізудің дұрыс уақытын;
✅ Алғашқы тағам ретінде қандай өнімдерді таңдауды;
✅ Тағамды біртіндеп және қауіпсіз енгізу жолдарын түсіндірді.

📌 Есте сақтаңыз:
• 6 айға дейін балаға тек ана сүті беріледі;
• Қосымша тағам 6 айдан бастап енгізіледі;
• Жаңа тағам аз мөлшерден басталып, біртіндеп көбейтіледі;
• Алғашқы тағам ретінде көкөніс езбелері, ботқалар және жасына сәйкес өнімдер ұсынылады;
• Бір уақытта тек бір жаңа өнім енгізіледі.

🥦 Қосымша тағамға ұсынылатын өнімдер:
• Көкөніс езбелері (кәді, гүлді қырыққабат, брокколи);
• Сүтсіз ботқалар (қарақұмық, күріш, жүгері);
• Жеміс езбелері;
• Ет езбелері (сиыр еті, күркетауық, тауық еті);
• Сүзбе және басқа да жасына сай өнімдер.

Баланың дұрыс тамақтануы – оның денсаулығы мен үйлесімді дамуының негізі.

Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасы ата-аналарды балалардың дұрыс тамақтануы мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ш�

Comments are closed.