ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҰШТАСТЫРҒАН АЗАМАТ

Меркі ауданы Жамбыл ауылында кәсіпкер Ержан Әшенұлы ел игілігі жолында табысты еңбек етіп келеді.
Ол 2019 жылы ауыл тұрғындары үшін «Нұрдәулет» бассейні мен күрес залын ашып, бүгінде халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Кәсіпкер әлеуметтік жауапкершілікті де назардан тыс қалдырмай, жыл сайын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға тегін балмұздақ тарату дәстүрін жалғастырып келеді. Биыл ол 300 дана балмұздақ үлестіріп, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, Т. Рысқұлов ауданындағы қоғамдық тамақтану саласында кәсіп жүргізіп, бірнеше азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал «Нұрдәулет» күрес залында 200-ден астам бала спортпен шұғылдануда.
Алдағы уақытта кәсіпкер бассейн аумағын кеңейтіп, жаңа демалыс және ойын-сауық нысандарын іске қосуды жоспарлап отыр.












