Жамбыл облысының полицейлері ерекше қажеттілігі бар 6 жасар Мұхаммедтің көптен бергі арманын жүзеге асырып, оған қуанышқа толы күн сыйлады

Баланың анасының айтуынша, ұлы полиция қызметкерлерімен жақын танысып, патрульдік автокөлікпен серуендеуді көптен бері армандаған. Бұл тілекті естіген тәртіп сақшылары кішкентай жанкүйердің қуанышы үшін арнайы кездесу ұйымдастырды.#Заңментәртіп
#Законипорядок
#Жамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть













