«Бала күлкісі – әлемнің күлкісі» атты мерекелік іс-шара өтті

0
8

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Меркі ауданында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Бала күлкісі – әлемнің күлкісі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаев, Жамбыл облысының мүгедектерін әлеуметтік қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қаламқас Айымбекова, сондай-ақ әлеуметтік сала өкілдері мен демеушілер балаларды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Іс-шара аясында мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқап, әлеуметтік қызметкерлердің би қойылымдары мен орталық тәрбиеленушілерінің өнерлері көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар бүлдіршіндер тақпақтарын айтып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Мерекелік кештің басты мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың қоғамдағы маңызын дәріптеу, ерекше қамқорлық пен қолдауға мұқтаж балаларға қуаныш сыйлау болды.

Балалардың шат күлкісі мен жарқын жүздері мерекенің сәнін келтіріп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Comments are closed.