«ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ» – ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

0
15

Аудандық мәдениет үйінде әжелер мен немерелердің қатысуымен «Әжемнің ертегісі» атты ерекше форматтағы фестиваль жоғары деңгейде өтті. Тағылым мен тәрбиеге толы бұл шарада қатысушылар 4 кезең бойынша бақ сынап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өнерлерін ортаға салды.

Әжелеріміз ертегі айтып, немерелерімен бірге өнер көрсетіп, салт-дәстүрімізді насихаттап, өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісті. Әрбір қатысушының өнері мен өнегесі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Фестиваль қорытындысында барлық қатысушылар марапатталып, әже мен немере арасындағы рухани байланыстың маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалды.

Осындай игі шаралар ұрпақ тәрбиесіне тың серпін беріп, ұлттық рухты асқақтата беретіні сөзсіз.

Comments are closed.