Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын түсіндіруге арналған аудан шаруаларымен кездесу жиыны өтті

Аталған жиынға «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілдері қатысып, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңінен ақпарат берді.
⠀
Кездесу барысында биыл іске қосылған «Береке» және «Игілік» жобалары, сондай-ақ қолданыстағы «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі бағыттары, қаржыландыру тетіктері мен артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға жеңілдетілген несие алу шарттары, құжат рәсімдеу тәртібі және мемлекеттік қолдаудың өзге де құралдары бойынша нақты мәліметтер ұсынылды.
⠀
Жиында аудан шаруалары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан толық әрі тұшымды жауаптар алды.














