АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

11-12 сәуір күндері Астана қаласында «Қазақстан Республикасы Ардагерлер волейбол федерациясының кубогы» атты республикалық жарыс өтті. Дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды.
Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен командалар қатысты. Атап айтқанда, Павлодар, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент және Астана қалаларының құрамалары бақ сынады. Қатысушылар 50+, 60+, 65+ және 70+ жас санаттары бойынша өнер көрсетті.
Аталған жарыста Меркі ауданының ардагерлер құрамасы 60+ жас санаты бойынша 12 команданың ішінен оза шығып, жүлделі бірінші орынды иеленіп, кубок иегері атанды.
Республикалық турнирде топ жарып, аудан абыройын асқақтатқан ардагерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!














