ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ІСКЕ ЖҰМЫЛҒАН КҮН

Бүгін аудандық дендросаябақта «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Таңертеңнен жиналған аудан әкімдігі бөлімдерінің қызметкерлері мен түрлі мекеме ұжымдары ортақ іске жұмылып, саябақ аумағын ретке келтіруге кірісті.
Сенбілік барысында тек қоқыс жинаумен шектелмей, нақты күтім жұмыстары жүргізілді. Аумақтағы шөптер шабылып, ағаштардың түптері қопсытылып, артық бұталары тазартылды.
Мұндай жұмыстар бір күндік шара ғана емес, табиғатқа деген жанашырлықтың көрінісі. Ортақ еңбек арқылы дендросаябақтың тазалығы мен көркін сақтау – әрқайсымызға ортақ міндет.














