АСПАРА МЕН АҚЕРМЕНДЕ АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

0
24

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Аспара және Ақермен ауылдарының халқымен жоспарлы кездесу өткізді. Жиын барысында аудан көлеміндегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалу барысына тоқталып, барлық салаларда тұрақты даму байқалатынын айтты.

Сондай-ақ аудан әкімі жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы кезеңге жоспарланған бастамалар туралы кеңінен ақпарат беріп, ауылдық аумақтарды дамыту бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін алаңдатқан өзекті мәселелерді ортаға салды. Аудан әкімі көтерілген әрбір сұраққа жеке тоқталып, оларды шешу жолдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.

Жиын соңында айтылған ұсыныстарды назарға алу және нақты мәселелерді бақылауда ұстау бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Comments are closed.