Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің хабарламасы.

Азаматтарға және кәсіпкерлерге мыңызды хабар:
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап адамдар жаппай жиналатын обьектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды қабылдау және пайдалануға беру тәртібі жаңартылды. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Заңдарына және Төтенше жағдайлар министірлігінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Негізгі жаңалықтар:
“Азаматтық қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 66-2- бабына сәйкес обьектіні пайдалану алдында өрт қауірсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алу міндетті. Осыған байланысты “Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізілген (75-бабы-3- тармақшасына).
– Өрт қауіпсіздігі боәынша қорытынды алу тәртібі Төтенше жағдайлар Министірінің 2025 жылғы 26 тамыздағы #359 бұйрығымен бекітілген.
– Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету үшін тиісті рұқсат құжаттарын алу қажет.

















