Қазақстан өсімдік майы ең арзан 10 елдің қатарына енді

0
3

Қазақстан – өсімдік майы арзан елдер тізімінде әлемде 8-орында. Елде бір литр май орта есеппен 1000 теңгеге сатылады, бұл – әлемдегі ең төмен бағалардың бірі

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, соңғы бір жыл ішінде Қазақстанда күнбағыс майының бағасы орта есеппен 13,5 пайызға өсті. Дегенмен ол әлемдегі бағалармен салыстырғанда арзан болып саналады.

Global Product Price аналитиктері өсімдік майы бағаларының жаһандық рейтингін жасады, оған 77 ел кірді және Қазақстан өсімдік майы арзан елдер тізімінде 8-орында екені анықталды.

Қазақстанда “ең көп қолданылатын өсімдік майының” бір литрі орта есеппен 1,98 АҚШ доллары немесе Ұлттық банктің 2026 жылғы қаңтардағы орташа айырбастау бағамы бойынша шамамен 1005 теңге. Айта кетейік, әлемдегі орташа баға 3,67 АҚШ доллар немесе шамамен 1863 теңге.

Ескеретін жайт – сарапшылар өсімдік майының орташа құнын анықтаған кезде ірі сауда желілері мен интернет-дүкендер белгілеген бағаларды есепке алды.

Шын мәнінде қазақстандықтар майды үй маңындағы дүкендерден немесе базарлардан бұдан арзанырақ бағаға таба алады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 18 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда күнбағыс майының бір литрінің орташа бағасы 892 теңге.

Май Қазақстаннан басқа қай елдерде арзан

Өсімдік майы Қазақстанға қарағанда арзан тұратын жет ел бар, олар:

7-орын – Иордания (1,97 доллар немесе 1000 теңге);

6-орын – Сербия (1,96 доллар немесе 995 теңге);

5-орын – Украина (1,95 доллар немесе 990 теңге);

4-орын – Тунис (1,90 доллар немесе 965 теңге);

3-орын – Ирландия (1,89 доллар немесе 959 теңге);

2-орын – Хорватия (1,89 доллар немесе 959 теңге);

1-орын – Нидерланды (1,77 доллар немесе 899 теңге).

Әлемдегі ең қымбат май қай жерде сатылады

Көршілес Ресейде майдың орташа бағасы 2,56 доллар (1 литрі – 1300 теңге), ал әлемдегі ең жоғары баға Гонконгта (7,04 доллар немесе 3574 теңге), Австралияда (7,08 доллар немесе 3594 теңге) және Израильде (7,67 доллар немесе 3894 теңге) тіркелген.

Осылайша Қазақстанда күнбағыс майы басқа көптеген елдерге қарағанда арзанырақ. Шын мәнінде, орташа баға әлемдік орташа бағаның екі есе арзан.

Алайда Қазақстанда өсімдік майы мен басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасы өсіп барады. Мысалы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы жыл басынан бері 0,8 пайызға өсті.

 

Comments are closed.

Другие новости