2026 жылғы 15 наурызда елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Референдум — ел болашағына бағыт беретін маңызды таңдау. Конституция — мемлекетіміздің тірегі, ал оны жетілдіру жолындағы әр қадам — ортақ жауапкершілік.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясының жастары барлық қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысуға шақырады.

Біз — ел дамуына бейжай қарамайтын ұрпақпыз. Біз — саналы шешім қабылдайтын қоғамның өкіліміз.
Сізді 15 наурыз күні дауыс беруге келіп, өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз.

Еліміздің ертеңі — біздің бүгінгі таңдауымызға байланысты!

Comments are closed.