Жуалы ауданында жаңартылған Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндірілді

Сапардың басты мақсаты – жаңа Ата Заң жобасының мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіру, оның ел болашағы үшін маңызын талқылау және алдағы референдум қарсаңында азаматтарды қоғамдық талқылауға белсенді тарту болды.

Алғашқы кездесу Бауыржан Момышұлы ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Оған еңбек ұжымдары, жастар, аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Айдос Асабаев ашып, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңыздылығына тоқталды.

Сенатор Бекболат Орынбеков өз сөзінде жаңа Конституция жобасының өзегі – адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде тану екенін атап өтті. Оның айтуынша, құжатта елдің егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы мызғымас қағидаттар ретінде айқындалған.

Comments are closed.