Тараз қаласында жаңа Конституция жобасын қоғамдық қолдау мақсатында гибридті форматтағы LIVE-концерт ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шара Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен өтті. Концертке шамамен 4 мыңға жуық қала тұрғындары, жастар және қоғамдық белсенділер қатысты.
Шараның басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, азаматтық белсенділікті арттыру және алдағы 15 наурызда өтетін референдумға қоғам назарын аудару болды. Концерт барысында жастар арасында кеңінен танымал эстрада жұлдыздары Kalifarniya мен Daricorn өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлап, кештің мазмұнын жандандыра түсті.

Comments are closed.