
Меркі ауданы әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаев Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ернар Әбілдаев Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны кеңінен түсіндірді. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және құқықтық айқындықты арттыру бағытындағы жаңашылдықтарға назар аударды.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар саласында қызмет атқарып жүрген мамандардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі ерекше екенін атап өтті. Жаңа Конституция жобасы қауіпсіздік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам екенін жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Іс-шара ашық әрі мазмұнды форматта өтті.
















