Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатында
Қазақстанның болашағы жастарға байланысты екенін атап өтіп, жастарды тәрбиелеу мен дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды
Сұхбатында ол жастардың дамуы тек зияткерлік салада ғана емес, еңбек саласында да болуы керек екенін ерекше атап өтті. Жастарды шығармашылық қызметке тарту және олардың әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау маңызды екенін айтып өтті. Президент жұмысшы мамандықтар жылы еңбек беделін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды алуға мүдделі жастармен жұмыс істеу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Жастардың жоғары білімге ұмтылып қана қоймай, экономикаға бірдей елеулі үлес қоса алатын мамандықтарды игеруі маңызды екенін айтып өтті.
Жастарды бос құмарлықтар мен әлеуметтік желілерге, есірткіге немесе құмар ойындарға уақыт жұмсау қаупі туралы ескертіп, өз өмірлеріне белсенді және жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Жуманазаров Нурбек,
Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры