Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты мақаласында Түркі әлемінің интеграциясы мен Қазақстанның геосаяси рөліне қатысты көптеген маңызды мәселелер қозғалды. Президенттің Түркі мемлекеттері ұйымының төрағасы ретінде атқарған жұмыстарының нәтижелері Қазақстанның халықаралық аренада ықпалды орын алатынын көрсетеді. Осыған орай, еліміздің экономикалық, саяси және мәдени салалардағы ықпалдастығын арттыру мақсатында атқарылып жатқан қадамдарды қолдай отырып, біз де өз үлесімізді қосуымыз қажет. Әсіресе, жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер мен сапалы білім беру бағытында реформалар жүргізу өте маңызды. Сондықтан барлық деңгейде ынтымақтастықты күшейту арқылы елімізді болашаққа жетелейтін жаңа жобаларды қолдауымыз қажет.
Алмейзова Базаркуль,
зейнеткер