Өскелең ұрпаққа Құқықтық тәрбие керек-ақ…

0
19

Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде құқық-бұзушылық айлығын қорытындылау мақсатында мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларына арналған кездесу өткізілді.
Ашылу салтанаты Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі және №44 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының «Құқықбұзушылыққа жол жоқ!» ұранымен флешмобпен басталды.
Кездесу барысында білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, бопсалау, буллинг, кибербуллинг, зорлық –зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, айлық барысында өткізілген іс-шараларға қорытынды жасалынды.
Құқықтық тәрбие мамандары арасында аудандағы әр мектеп қабырғасында атқарылған жұмыстарға тоқталып, оқушылардың құқықбұзушылық деңгейі, себептері мен оның алдын алу мәселелері ортақ талқыға салынды.
Ұстаздар оқушыларды тәртіпке, тәрбиеге шақыру, психолог мамандарына жүгініп, отбасының әлеуметтік жағдайын талдау жасау барысын да зерделеу қажеттілігін сөз етті.
Меркі Ақиқат»

Comments are closed.