Референдум бойынша отырыс өткізді

0
188

Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті.

Ауданға референдумды қолдау жөніндегі Жамбыл облыстық қоғамдық штабының мүшелері жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімдігінде қоғамдық емес ұйым өкілдері, этно-мәдени орталықтары, мектеп директорларымен, депутаттармен кездесу өткізді.
Референдумды халыққа түсіндіру бойынша арнайы құрылған топ мүшелері «Жамбыл облысы азаматтық альянсы ЗТБ» төрағасы Исламбек Дастан, облыстық «Тіл орталығы» мекемесінің басшысы Гүлхан Әлімбекова, облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин жиналған қауымға ҚР Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер туралы толығымен баяндады.
Аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев жиын барысында кіріспе сөз сөйлеп, бұл референдумның халыққа берер мүмкіндігі туралы, Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістердің халықты қолдау үшін маңызы зор екенін айтып өтті. Облыстық қоғамдық штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен өткізілетін референдум жайында кеңінен түсіндіріп, жергілікті жерлерде халық арасында референдумның мән-маңызын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Штаб мүшесі Исламбек Дастан отырыс барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мәселелерді ортақ талқыға салды. Парламенттің рөлін арттыру, Үкіметтің Парламентке есеп беруі, халықтың сайлау құқын жетілдіру, партиялық тізіммен қатар мажоритарлық жүйенің енгізілуі, Президенттің саяси партиялардың бәріне ортақ болуы үшін бір партияның мүшесі болудан бас тартуы сияқты өзгерістер туралы жиналғандар өздерінің пікірлерін білдірді. Соның ішінде Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның рөлі туралы айтылды. Отырысқа қатысушылар дауыс беру қорытындысы елдегі қоғамдық-саяси жағдайға оң әсер етеді деген қорытындыға келді.
«Жұмыс тобы Ата Заңның 33 бабына түзетулер әзірледі. Бұл – тұтас Конституцияның үштен бір бөлігі. Осы өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңестің қарауына жіберілді, жақын арада шешімін шығарады. Алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», деген еді онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Иә, расында Президент Қ.Тоқаев мемлекеттік басқарудың ашықтығы, жариялығы, Заңдардың халыққа тиімділігі туралы мәселелерге басты назарда ұстауда. Референдумда дайыс беру арқылы Сіз бен біздің заңнамаларға өзгеріс енгізуге мүмкіндігіміз туады. Еліміз үшін, оның ертеңі үшін алаңдайтын болсақ, референдумға қатысуға тиіспіз. Заңнамаларға енгізуге ұсынылып отырған өзгерістер туралы бейқам қалмауымыз қажет. Міне, Исламбек Дастан бастаған штаб мүшелерінің ауданға іс-сапарының басты мақсаты да осы.
Жиынға қатысушылар толық ақпарат алып, ойларын түйіндегеннен соң облыстық жұмысшы топтың мүшелеріне ізгі тілектерін айтып, сауалдарына нақты жауаптар алды.Бұдан соң штаб мүшелері «Меркі ірімшік» зауытында болып, жұмысшылармен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринат Жантаев, зауыт басшысы Дастан Айтуленов және зауыт қызметкерлері, округ тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында спикерлер Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 5 маусым күні өткізілетін референдум жайында түсіндіріп, саяси науқанға белсенділікпен қатысуға шақырды. Сонымен қатар, конституциялық референдумдағы өзгертулер мен толықтырулар халықтың таңдауы бойынша Дәл осындай кездесулер аудандық орталық кітапханада, мәдениет саласының қызметкерлерімен де өткізілді.

«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.