«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»

0
32

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынға дәстүрлі Жолдауында елді дамыту бойынша түрлі реформалар айтылып, өзі күткендей, оң өзгерістер, жаңа лепті сезінді. Жаңа Жолдауында «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағына жол ашатын тоғыз өзекті мәселе қамтылды. Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болу керектігін, Парламент рөлін арттырып, мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтуды, партиялардың тіркеу рәсімдерін жеңілдету,сайлау жүйесін жетілдіру және үрдісін жаңарту, құқық қорғау конституциясын күшейтуді нықтап айтты. Сонымен қатар жаңа облыстар құру оның ішінде Абай,Жетісу,Ұлытау облыстары бой көтеретіні, Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу туралы ауқымды мәселелер айтылды. Қазақстанның бірлігін ойлаған Президентіміздің ел болашағы үшін алға қойған мақсаттарын орындайтынына сенімдіміз. Халқымыздың тұтастығы мен бірлігін сақтау және еліміздің көркейіп, өркендеуі үшін қоғамның барлық саласында жүргізілетін реформалары айқын айтылған. «Жаңа Қазақстан» елге келген жаңа леп деп түсінемін. Жалпы алғанда бұл Жолдау өзге ерекше болды. Мемлекет басшысы атап айтқандай «Жаңа Қазақстанымызды» бірге құруға атсалысайық!

Олжас Тойбаев,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақпараттық талдау бөлімінің басшысы

Comments are closed.