«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы“. Жолдаудағы өзгерістер нақты қадамға жетелейді

0
40

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын халыққа арнады.
Мемлекет басшысының аталған Жолдауында айтқан мәлімдемелері жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Бұл біздің алдымызға жоғары талаптар мен өзгеше міндеттерді қойып отыр.
Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Жолдауында қазіргі заман талаптары мен қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, еліміздегі жалпы ахуалды жақсарту мақсатында, көптеген реформалардың жүзеге асырылатындығын айтты. Айтап айтсақ, Жолдауда Президенттің өкілеттігі туралы, өкілді билік тармағын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту, сайлау үдерісін жаңғырту, құқық қорғау институттарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру, дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы жан-жақты талданып, нақты реформалар көрсетілді.
Мен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жаңа Қазақ-станды құру жолындағы ауқымды саяси реформаларын қолдаймын.

Күлайым ШАҒАТАЕВА,
«AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Comments are closed.