Сіздің таңдауыңыз – сіздің ертеңіңіз

0
113

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының тұрғындары өздерінің қалаған, халыққа тиімді қызмет ете алатын азаматты таңдауына мүмкіндік туды. Кәзіргі таңда ауданда Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлауға үгіт-насихат жұмыстары жүруде. Осы сында өзінің кандидатурасын ұсынып отырған Садырбаев Талғат Елікбайұлы туралы оның сенімді өкілі өз пікірін білдіреді.

Мен Садырбаев Талғатты 2019 жылдың тамыз айынан бері танимын. «Атамекен» ҚРҰ кәсіпкерлер палатасында 3 жыл көлемінде бірге қызмет атқардық. Осы уақыт аралығында байқағаным өз ісіне өте ұқыпты, адалдықты жаны сүйеді. Тиянақты, сабырлы, адамгершілігі жоға-ры, қамқорлық жасағанды ұнатады. Әрбір жұмысты үнемі уақытында рет-ретімен орындайды. Мемлекеттік заңдар мен кәсіпкерлерге арналған және жұмыссыз-дарды жұмыспен қамту бағдарламаларын жетік меңгерген. Қолынан келген көмегі-нен ешкімнен аямайды. Ақкөңіл, балажан, бойында ұйымдастырушылық лидер-лік қабілеті бар. Отбасында беделді, өте керемет әке. Нақты тәртіппен жұмыс жа-сағанды ұнатады.
Мен Талғатты әкім лауазымына лайықты деп санаймын. Халық білімі мен біліктілігі, тәжірибесі мол, адагершілік қасиеті жоғары азаматты таңдайды деп ойлаймын. Өзінің алға қойған мақсаттарында ол ауылдық округте бүгінде бар, бірақ одан әрі дамытуды қажет ететін экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтуды, ауылдың өмір сүру сапасын арттыруды, ауылдың әлеуметтік ортасын жаңғыртуды қолға алмақшы. Халыққа қолайлы өмір сүру ортасын құрып, ауылдық округте абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жандандыруды, ауылда шағын және орта бизнесті дамытуды, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана отырып азаматтарды жұмысқа орналастыру және оқытуға жәрдем беруге ниетті. Шынында ауылдық жердерде жұмыспен қамту мәселесі өзекті мәселе екені бәрімізге мәлім. Осы орайда ол жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік көздерін ашу жұмыстарын жүргізбекші. Ауылдық жерлерде қазақ халқының халықтық қолөнерін жандандырып, кілем және жүн тоқу және киіз басу, былғары өңдеу және бедерлеу, ұлттық киімдер мен аяқ киімдерді тігу, ат әбзелдері және басқа да қолөнер туындыларын қайта жандандыру тиімді кәсіп көзі болатынына сенімді.
Сенімді өкілі ретінде аудан жұртшылығын Талғат Елікбайұлына 20-ақпан күні болатын сайлауда дауыс беруге шақырамын.

Саят Отарбаев,
Үміткердің сенімді өкілі

Comments are closed.