Дәуір Данасы
Биыл аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Соцалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д. А. Қонаевтың туылғанына 110 жыл толды. Дінмұхамед Ахметұлы Республика партия ұйымын басқарып ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иман жүзді ізеттілігімен, танылып, ой-өрісі биік жан екенін көрсетті. Республиканы басқарған жылдары, елдің экономикасын және әлеуметтік жағдайын көтеруге үлкен күш салды. 1976 жылы маусым айында Меркі жеріне келген сапарында, егін шаруашылықтарын аралап, халықтың әл-ауқатымен танысты, олардың мұң-мұқтаждарына құлақ асып, ойларын тыңдады. Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдығына орай, аудандық музейде «Дәуір данасы» тақырыбымен көрме жасалып, арнайы экскурсиялар өткізілді. Көрмеге Д.А.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды», «От Сталина до Горбачева» т. б. кітаптары, фотосуреттер, Меркі жеріне келгендегі түскен фотосуреттер салынған альбомдар қойылды. Дәуір данасы, біртуар тұлға Д.А.Қонаев халық есінде мәңгі қалады.
Б.Алдабергенов,
Меркі аудандық тарихи- өлкетану музейінің әдіскері