Аға аманаты

0
97

Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, мәдени құндылықтарды, аудан тарихына байланысты жәдігерлерді сақтайтын мекеме.

Музейіміз әр кез жәдігерлермен толығып тұрады.Аудан тұрғындары бұл істе үлкен белсенділік танытып отырады. Міне, бүгін де, Меркі ауылы Юбилейное бөлімшесінің тұрғыны Исмаилова Зәмзә апай да осы мақсатпен музейге келіп отыр. Зәмзә апай әкелген заттар ағасының өзіне 2001 жылы сыйға тартқан, киелі Түркістандағы Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің макеті екен. «Бала кезінен ағаштан бұйым жасауды жанына серік еткен, бірнеше жыл мектепте еңбек пәнінің мұғалімі болған Исмаилов Мұратхан ағам өз қолымен жасап, «төріңде имандылықтың ұйтқысындай болып тұрсын» деп сыйлаған еді. Енді бұл заттар халық игілігіне жарасын, көпшілік көрсін деген ниетпен музейге сыйға тартсам деп едім,-деп аса шеберлікпен жасалған макеттерді және кітаптарды ұсынды. Алдағы уақытта да Зәмзә апай сияқты тарих құндылықтарын терең түсінетін жандар музей қорын молайтуға үлес қосып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Перизат Жұмабекова,
Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінің суретші-көркемдеушісі

Comments are closed.