Әлеуметтік азық-түлік бағаларын тұрақтандыру– баршаға міндет

0
110

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында, аудан әкімінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы №1-ө өкіміне сәйкес 2 (екі) жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топ құрамында: ардагерлер және қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық маслихат депутаттары, «NUR OTAN» партиясы филиалы, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, төтенше жағдай бөлімі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, аудандық іскер әйелдер қауымдастығы және де аудан әкімдігінің тиісті бөлімдерімен бірігіп құрылды. Құрылған жұмысшы топ мүшелері аудан аумағында орналасқан 20 ірі азық-түлік дүкендерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бағаны негізсіз жоғарылатпау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, азық-түлік дүкендерінің 5-де тауарлардың сатылу үстемесі 18-20% асқан. Осы орайда, ҚР-ның қолданыстағы заңнама нормаларын пайдалану арқылы үстеме қосуда 15% асырмауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың І тоқсанына шектік бағалар бекітілген жағдайда, аталған 20 дүкен иелерімен екіжақты меморандумға отыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан азық-түлік дүкендеріне тауарларды ең арзан бағада жеткізетін кәсіпкерлерді ұсыну бойынша жұмыстар жүргізілуде.

А. Алтынбаев,
кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

Comments are closed.