Еңбек ет, сыйға бөлен

0
292

Меркі май және сыр шығаратын үлкен зауыттың жемісті жұмыс жасап жатқанына бірнеше жыл болды. Сапалы өнім шығару зауыттың басты қағидасы. Осы мақсатта республика көлемінде өткізілген додаға Меркі майзауытының атынан барған Кулиба Көпірбайқызына өзгелерден оза шауып, бәйгенің 1 орынынан көріне білді. Марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 8 қазан күні ауданымызда салтанатты жағдайда өткізілді. Бірінші орынды иеленген Кулиба Көпірбайқызына мақтау қағазымен мадақталып, төсбелгі табыс етіліп, ақшалай сыйлықтарға ие болды, сондай- ақ “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС директоры Айтүленов Дастан Тұрсынұлына да төсбелгі табыс етілді.
Меркі майзауыты ұжымын, құттықтау үшін облыстан арнайы қонақтар келді. Олар облыстағы “Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіп одағының” Жамбыл облысы бойынша төрағасы Базантай Данияров және оның орынбасары Маратбек Сағынбеков келіп, жеңімпаздарды құттықтады. Данияров Базантай Сөзінде бірнеше жайттарға тоқталды.
– Сіздердің ұжымдарыңыз республикалық сында топ жарды, — деді ол.
– Бұл біз үшін қуанышты жаңалық. Сіздердің ынтымақ, бірліктеріңіздің арқасы. Дегенмен бұл тек қана Кулиба Көпірбайқызының жеңісі емес, ол осы зауыт ұжымының жеңісі. Барлықтарыңыз ат салыстыңыздар. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тартқан үлкен сый, — дей келе Кулиба Көпірбайқызына «Еленген еңбегі үшін» атты төсбелгіні табыс етті.

Альбина Советхан,
аудан әкімдігінің баспасөз қызметкері
Еркін Жасыбаев, (сурет)

Comments are closed.