Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

0
85

Қайырымдылық жасау — ежелден қазақтың қанында бар жақсы қасиеттердің бірі. Осы тамаша үрдіс қай заманда болмасын өз жалғасын тауып келеді. Қамқорлық пен жанашырлықты сезініп өскен ұрпақ мейірімді, адал, еңбекқор, жаны ізгі жан болып қалыптасатыны анық.

Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы №44 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы да ізгі шараға қатысып, қайырымдылық жасауды өздеріне парыз санайды.
Мектепте аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларға көмек қолын созу мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектеп әкімшілігі мен ұстаздар белсене қатысып, балаларды ерекше қуанышқа бөледі. Мектеп директоры Ниетқали Әбдімомынұлы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Күшікбайқызы бастама көтеріп, осы акцияның жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысты. Мектеп әкімшілігі тарапынан балаларға спорттық киімдер, оқу құралдары, аяқ киімдер, ақ жейделер, сөмкелер сыйға тартылды. Тек бір айдың ішінде 12 балаға көмек көрсетіліп, 9 отбасы түгел қамтылды.
Балаларды қуанышқа бөлеп, олардың шексіз шаттанғанын, риясыз күлкісін көру ерекше бақыт деп санайтын ардақты ұстаздар Мадина Ахметова, Нұрлан Баубеков, Дамира Масалбекова, Наиля Бадалова, Анар Нүсіпбаева, Гульвира Адильханова, Наталья Зубаярова, Мария Звонарева акцияға белсене қатысып, көмекті қажет ететін балақайларға мектепке керекті құрал-жабдықтар мен киімдер әперіп, қуанышқа бөледі.
Ата-аналар мектеп директоры Н.Қонқабаевқа, мектеп ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Алдағы уақытта осындай игі істер ұдайы жалғасын таппақ. Өйткені біздің қоғамда бала өмірі мен денсаулығы, қауіпсіздігі, қажеттілігі үнемі басты назарда болмақ.

Айжан Шашубаева, Жарқынай Сатай,
№44 ЖОББМ әлеуметтік педагогтары

Comments are closed.