Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші жаз кезінде де рейдтік іс-шаралар өз жалғасын табуда.Осы орайда № 22 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің 15.06.2021 жылғы #1-5-6-74/1-10736 хатына сәйкес балалардың жазғы маусым кезіндегі демалысын мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында балалардың қараусыз қадағалаусыз қалуының алдын алу мақсатында аймақтық мөлтек ауданына күндізгі және түнгі рейд кестесі құрылып, кестеге сай әкімшілік қадағалау уақытымен жүйелі жүргізілуде.Сондай-ақ кешкі жұмыс орындарында кәмелетке толмаған оқушылардың кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүруін қадағалау басты назарда ұстау. Рейд барысында сынып жетекшілері, ата-аналар, үнемі тығыз байланыста болып, құқық бұзушылық анықталған жоқ.
П.Батырбекова,
№22 ЖОББМ директордың құқықтық тәрбие ісі-
жөніндегі орынбасары