Жамбыл облысы бас санитарының қаулысы

0
683

1. Жамбыл облысының аумағында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары басшылыққа алынсын.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары) негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу. Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда (“жасыл” аймақтан “сары” аймаққа немесе “қызыл” аймақтан “сарыға” көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету “қызыл” аймақтан “сары” аймаққа немесе “сары” аймақтан “жасыл”аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.
3. Кәсіпкерлік объектілерінде “Ashyq” мобильді қосымшасын енгізу бойынша “кәсіпкерлік объектілерінде “Ashyq” мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы”Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 14 қаулысын басшылыққа алсын.
4. Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасына, Тараз қаласының және аудандардың әкімі:
1) осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың сайттарында хабардар етсін;
2) облыс тұрғындары арасында COVID-19 таралуына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу жүргізуге міндетті.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы 2021 жылғы 19 сәуірде сағат 00.00-де күшіне енеді.
Жамбыл облысы
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері Шиналиев Б.

Comments are closed.