COVID-19-ға қарсы екпе салдыруды жоспарлап жүрсеңіз немесе вакцина қабылдаған болсаңыз, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаңыз

0
443

 Үш күн инъекция орнын ысқылауға және су тигізуге, монша мен саунаға баруға болмайды.

🔹 Осы аралықта денеге физикалық ауыртпалық түсірмеуге тырысыңыз.

🔹 Суықтан, денені қыздыру мен стрестен аулақ болыңыз. ДДСҰ мамандарының айтуынша, адам стреске түскенде антиденелер өндірісі тоқтап қалуы мүмкін, салдарынан вакцинациядан еш әсер болмайды.

🔹 Үйлестірілген тамақ ішіңіз, рационға ақуызды көбірек қосыңыз, ал аллергия тудыратын тағамды тұтынбаңыз.

🔹 Вакцинациядан үш күн бұрын және екпеден кейін алкогольді ішімдік ішпеңіз – ол иммунитетті төмендетеді, салдарынан вакцина әсер етпейді.

🔹 Ықтимал жағымсыз реакцияның бірі – дене қызуының көтерілуі, егер температура 38 градустан жоғары болса, дәрігерлер қызуды түсіретін дәрі ішуге кеңес береді.

Мамандар бірінші вакцинация мен екінші вакцинацияға дейінгі аралықта (21 күн) адамдармен қарым-қатынасты азайтуды және санитарлық ережелерді сақтауды еске салады. Иммунитет біртіндеп қалыптасады, ал вакцинаның бірінші және екінші дозасы арасындағы кезеңде ағза ерекше әлсіз болады. Егер адам санитарлық шараларды сақтамаса, COVID-19 ауырып қалуы мүмкін.

Есіңізде болсын, ағзада антидене қалыптасу үшін уақыт қажет. Сондықтан вакцинация курсы аяқталғанға дейін (2 доза + 2 апта) инфекциялардан мұқият қорғану керек. Егер жеке және қоғамдық сақтық шараларын сақтамасаңыз, вакцинаның екі дозасының арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі бар.

Comments are closed.