«Халыққа қызмет – басты міндет»

Бүгін Меркі ауданында  «Халыққа қызмет – басты міндет» атты көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.

Жамбыл ауылдық округінде өткен қоғамдық қабылдауда аудан әкімі Мейірхан Өмірбек, барлық мекеме ұйым басшылары, құқық қорғау органдары мен полиция бөлімінің басшысы қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындарды толғандырған мәселелерін дер кезінде шешіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Аталған округке түске дейін  30 азамат келіп, оның 28-не түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 2 мәселе бақылауға алынды.

Дәл  осындай кездесу кеше Ақтоған ауылдық округінде өтті. Онда ауыл тұрғындары көбіне ауызсу, жер мәселелері туралы қайырылды.

Барлық толғандырған мәселелер назардан тысқары қалмай, тиісті  бөлім басшыларымен жұмыстар жүргізілетін болады.

Айта кетсек, бұл көшпелі  қоғамдық  қабылдау іс-шарасы апта бойы ауданның басқа да елді мекендерінде жалғасын табатын болады.

Comments are closed.