Бүгін Меркі ауданында «Халыққа қызмет – басты міндет» атты көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.
Сарымолдаев ауылдық округінде өткен қоғамдық қабылдауда аудан әкімі Мейірхан Өмірбек, барлық мекеме ұйым басшылары, құқық қорғау органдары мен полиция бөлімінің басшысы қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындарды толғандырған мәселелерін дер кезінде шешіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Түске дейін қабылдауға округтен 10 адам келіп, толғандырған мәселесін ортаға салды. бұған дейін дәл осындай кездесу Жамбыл және Ақтоған ауылдық округтерінде өткен болатын.
Жамбыл ауылдық округінде түске дейін 33 азамат келіп, оның 25-не түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 8 мәселе бақылауға алынды.
Ал, Ақтоған ауылдық округіндегі тұрғындар көбіне ауызсу, жер мәселелері туралы қайырылды.
Барлық толғандырған мәселелер назардан тысқары қалмай, тиісті бөлім басшыларымен жұмыстар жүргізілетін болады.
Айта кетсек, бұл көшпелі қоғамдық қабылдау іс-шарасы апта бойы ауданның басқа да елді мекендерінде жалғасын табатын болады.
MERKE NEWS - © Copyright HTB. PRODUCTION.