0
287

Жылыжайда лимон өсірілуде

Таяуда облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылығы Өзбекстаннан бақ, көкөніс, лимон, бадам, жер жаңғағын, анар, жеміс ағаштарының сан түрін өсіретін мамандарды шақырып, ауданда үлкен семинар өткізді. Оған бөлінген қаржы, несие, гранттар берілетінін де «соқырға таяқ ұстатқандай» етіп түсіндірді. Арнайы ұйымдастырылған 21 үміткер кәсіпкерден тұратын делегация, Өзбекстанның Әндіжан облысының Асана қаласына барып, көкөніспен, жеміс ағаштар өсіріп жатқан кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, ауданымызда біраз жастар бұл істі оңтайлы қолға алып кетті. Соның бірі лимон өсірумен айналысатын, қайтарымсыз екі жарым миллион грант ұтып алған ақтоғандық Данияр Әбдіразақ.
Ол жылыжайында отырғызылған 600 түп қиярының арасында 30 түп лимон егіп, облысымызда алғашқылардың бірі болып, осы кәсіпті өз қолына алып отыр.

Comments are closed.