Халықаралық байқау жеңімпазы – Гисар қошқары

0
728

Облыс әкімі Асқар Исабекұлының бастамасымен ауылдық жерлерде қосалқы шаруашылықты  қолға алу жұмыстары белсенді жүруде.  Аталған жұмыстар Меркі ауданында да қарқынды іске асырылуда. Аудан тұрғындары, ауылдықтар бұл бастаманы қолдап,  ұйымдастырылып жатқан түрлі семинарға қатысып, кәсіп таңдаумен, оларды егжей-тегжейлі зерделеп, өздерінің мүмкіндігіне сай кәсібін таңдап, жұмыстарын бастауда. Соңғы ұйымдастырылған  облыстық «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасының қосалқы шаруашылықты тиімді пайдалану мақсатындағы «10 сотық» атты семинарда аудан тұрғындарына ұсынған жан-жақты  жүргізілуде. Әсіресе лимон өсірем деушілер саны күннен күнге артуда. Осындай атқарылып жұмыстардан қалыс қалмай өз ауласында кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі – Ақтоған ауылдық округінің тұрғыны Нұрбек Құлбеков. Ол  өзінің қорасында асыл тұқымды Гисар қойларын бағып, табыс тауып отыр.
Нұрбек алғашында 80 бас қазақы  қой бағып, кейіннен оларды сатып орнына асыл  тұқымды қой өсіруге  бел буған.  Үш бас қойдың орнына бір бас гисар қойын сатып алған.  Оның сөзінше   Гисар тұқымды қойлар тез өседі, салмақ тез жинайды және еті де дәмді келеді  екен. Қазіргі уақытта  ауласында 11 бас осы тектес қой бағып  отыр. Алдағы қыркүйек айында тағы 70-80 бас қой алуға келісіп те қойыпты.  Қора-жайын қамдап, жем шөбін түгендеп, әкелінетін қойларға қысқы дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Биыл Түркістан қаласында өткен  ІІ Халықарылық асыл тұқымды қошқарлар байқауында Жамбыл облысы атынан қатысқан Нұрбек мырзаның «Симба» атты қошқары 15 мемлекеттен 200 асыл тұқымды қошқар ішінде «Сымбатты қошқар» номинанты атанып,  3-орынды жеңіп алды.
Аталған байқауға келесі жылы  да тыңғылықты дайындықпен баруды жоспарлауда.

Comments are closed.