«Мейірім Меркі» балабақшасы ашылды

0
985

1-Маусым балаларды қорғау күнінде Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылында 50 балаға арналған жеке меншік балабақша ашылды. Бұл ауылда бұрындары балабақша жоқ етін, ауыл тұрғындары немерелері мен балаларын аудан орталығында орналасқан бақшаларға тасып ауреге түсуші еді, енді міне ауыл тұрғындарын қуантатын сәт те келіп жеті. Осы ауылдың тұрғыны Оразбеков Нұрлан екі қабатты 50 балаға арналған балақшаны арнайы мереке күні ашып, халықтың алғысына бөленді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мейірхан Өмірбек пен аудандық білім бөлімінің басшысы Сәкен Есенов, ауыл ақсақалдары қатысты. Балабақша барлық замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Санитарлық жағдайы да талаптарға сай. Ашылу салтанатына келген ауыл тұрғындары қуаныштарын жасыра алмай, алғыстарын айтып, шашу шашты.

 
  

Comments are closed.