«Жолда жүру акциясы» өтуде
Мамыр айының 17-18-ші жұлдыз аралығында Меркі ауданының орталығында Меркі аудандық полиция бөлімі және Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен «Жолда қабылдау акциясы» өтуде. Ашық аспан астында өткізілетін акцияның негізгі мақсаты түрлі мәселелер бойынша қайырылған тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Оның ішінде көші-қон заңнамасының сақталуы, мемлекет қызметтерді көрсету, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, жол жүрісін ұйымдастыру, айыппұлдары төлеу және т.б. туындаған сұрақтарға заң тұрғысынан жауап беру.