Меркі ауданының кәсіпкерлерінің назарына!
Конкурс өткізу туралы хабарландыру:
Конкурсты ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы;
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №35, 4 қабат, каб. 407; Пошталық мекен-жайы: 080012;
Электрондық пошта мекен—жайы: dkb.otdel@mail.ru, akim_dpp@mail.ru,;
Байланыс телефоны: 8/72632/ 2-21-83.
Конкурс нысанасы: 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама пакетін береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. «16» мамырдан бастап 2019 ж. «06» маусым аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «16» мамыр сағат 9.00 (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «06» маусым сағат 17.30 (жергілікті уақытпен).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dppzhambyl.gov.kz сайтында танысуға болады.