Түрік елінен жеңіспен оралған «Жібек жолы»
Турцияда 41 рет өткізіліп отырған халықаралық әлем балаларының би өнері және музыка бойынша бұл фестивалі. Жамбыл облысы, Меркі ауданы Оқушылар «Үміт» сарайының «Жібек Жолы» бишілері қатысып қайтты.
Құрамында 16 биші қызы бар, бұл жолғы топты «Үміт» сарайының директоры Бейсенбаева Зауре Төребекқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тәжібаева Күлмейраш Жумалыққызы, хореограф Абдрахманова Гаухар Талғатқызы бастап алып барды. Оқушылар «Үміт» сарайының ұжымы, қауымы, ақ тілекпен Шымкент әуежайына, Стамбулға ұшу үшін шығарып салып еді. Зауре Төребекқызы Стамбулда өте қонақжайлы, кеңпейілді. Фестиваль ұйымдастырушылары қарсы алды. 23 сәуір — балалар күні екен.Осыған байланысты, ата түріктің бастамасымен 41 рет өткізіліп отыр. Ашылу парады болды. Парадқа барлық мемлекет өз ұлттық киімдерімен қатысты. Балалар Қара теңіздің түбіндегі жайлы лагерьге орналастырылды. Негізі 45 мемлекеттен өнерпаздар, екіге бөлініп, қаланың екі шетінде болды. Біздің оқушылар Сербиядан, Украинадан, Армения, Грузия, Азербайжан, Австрия, Венгрия, Монтрегра, Ванн, Манисса сияқты, жалпы мұсылман мемлекеттерінен келген балалармен танысып, достасып қайтты. Түрікше сөйлеп үйренді, жатын орын, тамақ тегін. 23 сәуір күні тегін балмұздақ таратылып, ойын алаңдары, аттракциондар тегін жұмыс істейді екен. Сондай-ақ, тарихи жерлерде, Сүлейман сұлтан гаремінде, түріктің атақты Ахмет сұлтан сарайында бір күн бойы араладық.Келесі күні кемеде, теңізде болдық. Стамбулды қорғап қалған қамал, оның асты туннель, сол жерден кемемен жүзіп өттік. Әр күніміз фестиваль бағдарламасына сәйкес қызықты болды.Осылайша 8 күн өте шықты. Бір байқағаным, еңбектеген балаладан еңкейген кәріге дейін, жүріп бара жатқанда, елінің гимні ойналса, қолындағысын тастай салып, кеудесін қолына қойып, бірге гимн айтып тұра қалады екен. Стамбулдың Сарьер ауданының губернаторы «Жібек Жолы» бишілер тобының костюмдерін үздік деп бағалады. Бұл фестиваль жыл сайын Турцияның әр қалаларында болып тұрады. «Жібек жолы» бишілер тобы үздік үш мемлекеттің құрамына еніп, өнерлері зор бағаланып, барлық оқушыларға мадақтамалар, Меркі ауданының әкімі. Өмірбеков Мейірхан Азатұлына алғыс хат беріп жіберді. Ұжымның шығармашыл бір тобы Турцияға кетсе, шығармашыл бір тобы, Алматы қаласында өткен, «Жас Дарын» халықаралық балалар, жасөспірімдер мен ересектерге арналған өнер байқауына қатысып келді. Толендиева Бекзат Байтуриевна оқушылары Рызаева Фатима, Нұрқали Зере, Қаймолдаева Лана, Тұрсын Жаниялармен қатысып қайтты. Нәтижесінде Толендиева Бекзат Байтуриевна жас жеткіншектерді шығармашлық деңгейде дамытудағы жоғары кәсіби іскерлігі мен ісіне адалдығы үшін «Үздік ұстаз» дипломымен марапаттталды. Рызаева Фатима, Нұрқали Зере, Қаймолдаева Лана, Тұрсын Жаниялармен – бәрі де 1орын иеленіп, «Бейнелеу өнері», «Арлан», «Материнская ласка» номинациялары бойынша өнер көрсеткені үшін дипломдармен марапатталды. Оқушылар «Үміт» сарайының «Әсем» көркемсурет студиясының әкімшілігі және шығармашылық ұжымы өте жоғары деңгейде өнер көрсетілуіне ат салысып, дарынды балаларды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Оқушылар дипломдарға қоса медальдармен марапатталды. Осы байқауда «Танцевальный фейерверк» би чемпионатында өнерпаз жастардың өнерге деген құштарлығын арттырып,жетістіктерге жетуіндегі кәсіби іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті үшін Омиралиева Жазира «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды. Сол сияқты Көлбаева Мөлдір «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды. 7-10 жас аралығында «Эстрадалық би», «Красная шапочка биі» номинациясы бойынша өнер көрсеткен Мұхамбетали Еркеназ, Тұрсынаш Сағыныш, Марат Нұрай, Советхан Аружан және басқалар алқа медальдарымен, дипломдарымен марпатталды.
Бейсенбаева Зәуре Төребекқызы
Меркі ауданы
Оқушылар «Үміт» сарайының директоры