«МЕЙІРІМ-МЕРКІДЕ» ЖАН-ЖАҚТЫ ЕМ АЛЫП, ЖАҚСЫ ДЕМАЛА АЛАСЫЗ

0
3831

Ауданымыздағы бұрынғы «Ақ ниет» шипажайы өз жұмысын түпкілікті жақсарту жолында биыл үлкен бір бетбұрыс жасап отыр десек артық айтқандық емес. Екі жарым айдай қызметін тоқтатып тұрған сауықтыру орнын Тараздағы «Мейірім» медициналық орталығы сатып алған-ды. Сөйтіп 5-ақпаннан қайта ашылды. Енді «Мейірім-Меркі» деп аталады.

Шипажайдың басты емдеу негізін табиғи емдік су, Камышановск көлінің емдік балшығы, Кочкор тұзы аңғарынан әкелінген тұз пайдаланылатын тұз шахтасы құрайды.

Сауықтыру орны аумағында өзінің минералды су көзі бар. Жоғары бағаланып отырған бұл су  шипажай орналасқан ауылдың құрметіне «Ойтал»  минералды  суы деп аталмақ

Жалпы көпшілік үшін айта кетейік, шипажай негізінен мына төмендегідей ауруларды:

— ас қорыту органдарының аурулары;

— урологиялық ауруларды;

— зат алмасу аурулары;

— жүрек-қан жүйесі аурулары;

— буын аурулары;

— сүйек –бұлшық ет жүйесі аурулары;

— жүйке (нерв) жүйесі аурулары;

— гинекологиялық ауруларды;

—    тыныс алу органдары, ЛОР ауруларын емдеуге маманданған.

Шипажайда соңғы кезде пайда болған үлкен бір жаңалық –доктор Бубновскийдің орталығының –кинезитерапияның қызметін пайдалана аласыздар. Орталықтың алға қойған міндет-қызметі –омыртқа және буындар ауруын емдеу. Негізгі тәсіл ретінде кинезитерапия –қозғалыс арқылы емдеу пайдаланылады. Бір айта кетерлігі ешқандай ота жасаудың, дәрінің қажеті жоқ. Емдеу негізі-  реабилитациялық залда арнайы көп функциялы Бубновский тренажерларында (МТБ) арнайы жаттығулар жасалады. Әр емделуші үшін жеке бағдарлама дайындалып беріледі. Доктор Бубновский орталығының барлық мамандары Мәскеу қаласында арнайы оқытылып, сертификаттар тапсырылады.

Ауданымыздағы бұрынғы «Ақ ниет» шипажайы өз жұмысын түпкілікті жақсарту жолында биыл үлкен бір бетбұрыс жасап отыр десек артық айтқандық емес. Екі жарым айдай қызметін тоқтатып тұрған сауықтыру орнын Тараздағы «Мейірім» медициналық орталығы сатып алған-ды. Сөйтіп 5-ақпаннан қайта ашылды. Енді «Мейірім-Меркі» деп аталады.

Шипажайдың басты емдеу негізін табиғи емдік су, Камышановск көлінің емдік балшығы, Кочкор тұзы аңғарынан әкелінген тұз пайдаланылатын тұз шахтасы құрайды.

Сауықтыру орны аумағында өзінің минералды су көзі бар. Жоғары бағаланып отырған бұл су  шипажай орналасқан ауылдың құрметіне «Ойтал»  минералды  суы деп аталмақ.

Жалпы көпшілік үшін айта кетейік, шипажай негізінен мына төмендегідей ауруларды:

— ас қорыту органдарының аурулары;

— урологиялық ауруларды;

— зат алмасу аурулары;

— жүрек-қан жүйесі аурулары;                                                                                          

— буын аурулары;

— сүйек –бұлшық ет жүйесі аурулары;

— жүйке (нерв) жүйесі аурулары;

— гинекологиялық ауруларды;

—  тыныс алу органдары, ЛОР ауруларын емдеуге маманданған.

Шипажайда соңғы кезде пайда болған үлкен бір жаңалық –доктор Бубновскийдің орталығының –кинезитерапияның қызметін пайдалана аласыздар. Орталықтың алға қойған міндет-қызметі –омыртқа және буындар ауруын емдеу. Негізгі тәсіл ретінде кинезитерапия –қозғалыс арқылы емдеу пайдаланылады. Бір айта кетерлігі ешқандай ота жасаудың, дәрінің қажеті жоқ. Емдеу негізі-  реабилитациялық залда арнайы көп функциялы Бубновский тренажерларында (МТБ) арнайы жаттығулар жасалады. Әр емделуші үшін жеке бағдарлама дайындалып беріледі. Доктор Бубновский орталығының барлық мамандары Мәскеу қаласында арнайы оқытылып, сертификаттар тапсырылады.

Comments are closed.