Мәслихат сайлауы: «Әділет» науқанды қорытындылап, алдағы міндеттерін айқындады

0
11

Үгіт-насихат науқанының қорытындысын партия төрағасының орынбасары Асхат Оралов таныстырды. Партия барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына партиялық тізімдер мен бірмандатты сайлау округтері бойынша 3 817 кандидат ұсынды. Бір айда партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы ел тұрғындарынан 5 мыңнан астам ұсыныс-тілек келіп түсті.

«Бір ай бойы еліміздің барлық өңірінде 6,5 мың адамды ортақ мақсат төңірегінде топтастырған 246 сайлауалды штаб жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында кандидаттарымыз бен партия белсенділері жалпы саны 5,6 млн адамды қамтыған 106 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасын өткізді. Науқан жұмысына 9200 сенімді өкіл тартылды. Ал дауыс беру күні сайлау учаскелерінде 22 мыңнан астам байқаушы жұмыс істейді», – деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар партия Президент Жолдауын түсіндіру аясында түрлі кездесу өткізді. Қазақстанның барлық өңірінде жалпы саны шамамен 1 млн адам қамтылған 28 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Құрылтайдағы «Әділет» фракциясының 32 депутаты еліміздің барлық өңірін аралады. Сондай-ақ партияның барлық 3562 бастауыш партия ұйымында тұрғындармен кездесулер өтті. Ал «Bir Tolqynda» жастар диалог алаңдары мыңдаған жас қазақстандықтың басын қосты.

Comments are closed.

Subscribe