АУДАН ӘКІМІ «ҚАЙСАР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
4

Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов «Қайсар» шаруа қожалығына барып, шаруашылықтың жұмысымен және мал шаруашылығын дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Қазіргі уақытта аталған шаруашылық сүт бағытындағы ірі қара мал өсіруді қолға алып, өндірістік әлеуетін арттыруға басымдық беруде. Осы мақсатта «Игілік» мемлекеттік бағдарламасы аясында Германиядан асыл тұқымды голштин сиырлары әкелінуде.

Жоба бойынша шаруашылыққа жалпы 495 бас асыл тұқымды ірі қара мал жеткізу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін алғашқы екі партиямен 330 бас сиыр әкелінді.

Шаруашылық басшылығының мәліметінше, қазіргі уақытта сырттан жеткізілген малдарды жергілікті климаттық жағдайға бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың денсаулығы мен жалпы жай-күйі тиісті мамандардың тұрақты бақылауында.

Аудан әкімі шаруашылықтың жұмыс барысымен танысып, сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай жобалар ауданның аграрлық әлеуетін арттыруға, жергілікті сүт өндірісін дамытуға және ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне мүмкіндік береді.

Comments are closed.